Компания туралы

Компанияның миссиясы:

Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету, экономикалық белсенді тұрғындардың кәсіпкерлік бастамасына ықпал ету.

Біздің құндылықтарымыз:

Бизнес жүргізуде адалдық пен жауапкершілік.

Инновацияны, жоғары кәсібилік стандарттарды және кәсіпкерлік рухты қолдай отырып, өз өнімдеріміз бен қызмет көрсетулеріміздің сапасын жақсартуға тырысу.

Тиімді адамгершілік пен ынтымақтастық ахуалды қолдаудан туындаған корпоративтік рух және өз серіктестері, клиенттері, қызметкерлерімен қарым-қатынаста ашық болу және өзара қолдау көрсету

Біздің ұстанымдарымыз:

Өз клиенттерімізге деген  құрмет және олардың сұраныстарын барынша сапалы және тиімді қанағаттандыруға тырысу.

Бизнесті құпиялық, сенім қағидаттары негізінде құру және өзара тиімді ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа талпыну.

Компания қызметкерлері мүмкіндіктерінің теңдігі.

Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдар мен  жергілікті басқару органдарының актілерін сақтау.

Компанияны дамыту стратегиясы

Біз  Қазақстандық  микроқаржылық  нарықта компанияның көшбасшы болуын қамтамасыз ететін, көрсетілетін қызмет түрлерін  жетілдіретін, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды бір ізді жүзеге асыратын, міндеттемелерді орындауға, қызметкерлердің кәсібилігі мен сервистің жоғары деңгейіне кепілдік беретін әмбебап микроқаржылық университет құруды мақсат тұтамыз.

Стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру компания қызметкерлеріне байланысты. Ұжым қабылдаған құндылықтарды бөлісе алатын, құзыретті, кәсіби білікті, амбициясы жоғары қызметкерлерді тарту – біздің маңызды міндетіміз. Кез келген микроқаржылық ұйым үшін  негізгі мақсаттардың бірі жоғары тиімділікке қол жеткізу және нарықтағы өз позициясын нығайту. Бұған өнімді ұсынудан және жаңаны енгізуден басқа әрекет ететін филиалдар шеңберінде жаңа филиалдар не кеңселер ашу арқылы ұдайы географиялық кеңею жолымен де қол жеткізуге болады.